Облыс әкімі мәжілісменмен бірге өңірдегі білім саласындағы мәселелерді талқылады

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановпен кездесті. Басқосуда өңірдегі білім саласының бүгінгі жай – күйі кеңінен сөз болды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында аймақ басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді негізге ала отырып, облыстағы білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйеілі жұмыстарға тоқталды.   

– Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды нақтылап берді. Соның бірі білім беру жүйесінің сапасын арттыру. Қазіргі таңда өңірімізде осы бағытта бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, білім сапасын жақсартуды, одан бөлек аталған салада кездесетін кейбір кемшіліктермен күресуді заманауи технологиялардың көмегімен іске асыруды қолға алдық. Бүгінде мектептерге электронды күнделік жүйесін енгізіп жатырмыз. Мұның артықшылығы сонда, әрбір ата-ана өз баласын үнемі бақылауда ұстайтын болады. Қандай баға алғанын, сабаққа қаншалықты қатысып жүргені туралы ғаламтор арқылы біліп отыратын болады. Сондай-ақ, мектептерге ұстаздарды жұмысқа қабылдау шаралары да электронды жүйенің көмегімен атқарылуда. Бұл құжат рәсімдеу кезіндегі адами факторды азайтып, нәтижесінде жемқорлықтың алдын алуға сеп болады, – деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Елбасының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулысы алдағы уақытта Түркістан өңірінің өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлесін қосып, қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол бірқатар аудан, қалалардағы сайлаушыларымен кездесіп, жергілікті жердегі атқарылып жатқан оңды істермен кеңінен танысты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер