Облыс орталығында 8 медициналық мекеме ашылады

Screenshot_3.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келді. Министр облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Медицина қызметкерлерімен кездескен министр Президент жолдауының негізгі міндеттерін жан-жақты түсіндірді.  

– Азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануын қалаған Мемлекет басышысы, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әсіресе ауылды жерлерге дейін қолжетімді болуын қамтамасыз ету керектігін айтқан. Яғни, медициналық орталықтардың техникалық базасын көтеріп, дәрігерлердің біліктілігін арттыруымыз қажет. Жаңа технологияны көбейту, учаскелік дәрігерлердің мойнына артылған жүкті жеңілдету, сандық технология және электронды жүйеге толықтай көшу арқылы еліміздің медицинасы дами түседі, – деді Елжан Біртанов.

Бұдан кейін министр жоғары медициналық колледждің жұмысымен танысты. Еліміздегі ең үздік колледж атанған білім ордасының техникалық базасы заманауи қондырғылармен толық жабдықталған. Мұнда бүгінде 2,5 мыңға жуық студент білім алуда.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев колледж студенттерін сапалы білім алып, алдағы уақытта Түркістан қаласында жаңадан ашылатын 8 бірдей медициналық мекемеге жұмыс істеуге шақырды. 

– Бүгін де министрлікпен бірлесіп денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Яғни, облыс орталығында жаңадан ауруханалар  мен емханалар салынады деп жоспарлануда. Одан бөлек, келешекте халықаралық деңгейдегі жаңа аруханалар пайда болады. Себебі, Түркістан қаласы туристік орталыққа айналатын болады. Демек, сіздер үшін көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер