Түркістан 1 миллионыншы турисін күтіп отыр

Screenshot_5.jpg

Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы кеше Түркістан қаласында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардың бұрыннан-ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті.

– Биылғы жарты жылдың өзінде Түркістанға 720 мыңға жуық адам сапарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға өсті. Жақын арада облыс орталығына келетін 1 миллионыншы туристі күтетін боламыз. Түркістан облысында туризмді кешенді дамыту мақсатында 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Таяуда Түркістан қаласында Бірінші «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік Форумы өтті. Аталған Форумға 19 шетел және қазақстандық 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 19 құжатқа қол қойылды, - деді әкім.

Оның айтуынша, арнайы түзілген 2018-2025 жылдарға арналған туристік индустрияны дамыту тұжырымдамасы аясында облысқа келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Ол үшін жасалған жоспар көп. 

Алдағы уақытта Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай келетін әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал салу жоспарланып отыр. Туристерге сервистік қызметті жетілдіру мақсатында Түркістанда заманауи қонақ үйлер мен демалыс орындарын ашуға инвесторлар тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер