Өңірде сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейіп келеді. Әсіресе, оның алдын-алуда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
«Адал жол – честный путь» эстафеталық марафоны аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Жемқорлықсыз ел – Гүлденген ел» тақырыбында тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияда «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру және онымен күресу жолдарын бірге іздеу, «Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу» тақырыптарында хабарламалар оқылды. Шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, Т.Дүйсенбеков, еңбек ардагері Ж.Сұлтанбеков, аудандық сәулет-көркем мұражайының қызметкері М.Расулова жемқорлықпен күресу, оның алдын алу жөнінде сөз сөйлеп, өздерінің пікірлерін білдірді.
Мысалы, оқушы ҰБТ тапсырады делік. Сонда оның ата-анасы зыр жүгіреді. Ақша беріп, баласына жоғары балл алып беру үшін тырысады. Бұны көрген бала босаңсып, сыртқы күштерге сенеді. Бұл мүлдем дұрыс емес. Шындығында бұл қылмыс. Ата-ана әркімге бір пара береді. Бұлай болмайды. Ең дұрысы, бала өз білімімен ҰБТ тапсыруы керек. Сонда ғана қоғамда әділдік орнайды. Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі. Форум барысында осы мәселе кеңінен талқыланды.
Жемқорлық – бұл бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұрған, ұлттық мәселе деңгейіне дейін көтерілген әрекет. Әлбетте, ол елдің толыққанды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға кедергі келтіреді. Менің ойымша, қай салада қызмет етіп жүргенімізге қарамастан, алдымен, бұл өзімізге байланысты дүние екенін ұғу керектігі айтылды.
Сонымен қатар шарада «Парасыз қоғам – ұлт болашағы» тақырыбында арнайы бұрыш ұйымдастырылды.