Мақтааралда индустрияландыру жұмыстары зор қарқынмен жүруде

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Бақыт Асанов оларды жергілікті жердегі индустрияландыру жұмыстарының жай-күйі және ауыл шаруашылығының даму барысымен таныстырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы сапарда Е.Тасжүреков «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысты. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті. Мақтаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі басқалардан 5-6 ц/га жоғары сорттары шығарылды. 

– Біз мақтадан бөлек, бақша дақылдарын зерттеуді де қолға алдық. Қазіргі таңда экспортқа төзімді, бәсекеге жарамды мықты сорттарды жасап шығардық. Мақтааралдық ғалымдар жасаған «Мырзашөл», «Жиен», «Валет» атты сорттарды Жетісай, Шардара, Отырар сияқты бақша дақылдарын өндіретін бірнеше аудандардың шаруалары пайдалануда. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша өндірілетін 1 миллион 300 мың тоннадан астам бақша өнімдерінің басым бөлігі, оның ішінде экспортқа шығып жатқан бақша өнімдерінің барлығы дерлік біз жасап шығарған сорттар екенін айта кету керек, - деді институт директоры И.Үмбетаев. 

Е.Тасжүреков институт ғалымдарының жұмыстарына дән риза болып, Мақтаарал ауданында жасалып жатқан индустрияландыру жұмыстарына оң баға берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер