Келесте оқушыларға білім алуға жайлы жағдай жасау - басты назарда

Screenshot_4.jpg

Күзгі жиын-терім маусымында өңірде жұмыстар қызу жүргізіледі. Осыған орай, мұндай берекелі мезгілде жүргізілетін жұмыстарды бақылаған абзал. 

Түркістан облысындағы жақында құрылған Келес ауданының әкімі А.Есбаев және аудан прокуроры Б.Сейфолла "Бірлесу" және "Жүзімдік" ауылдық округтеріне барып халықпен кездесті. 

Келес ауданының әкімі А.Есбаев және аудан прокуроры Б.Сейфолла қасына тиісті сала мамандарын ертіп, Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде орналасқан білім мекемелерінде болып, мектептің жалпы қысқы маусымға дайындығын тексерді. Сапалы білім алу үшін ең бірінші оқушыға жайлы жағдай жасалуы тиіс. Қарны тоқ, жылы жерде отырған балада білім алуға деген құлшыныс пайда болады.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, оқушылар арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу, оқушылардың сапалы әрі ыңғайлы білім алу үшін мектеп басшылығымен және ұстаздар қауымымен кездесу өткізіп, білім ордаларының қызметкерлерінің сұрақ-ұсыныстарын тыңдады. 

Ауылдық округ аумағын аралау барысында аудан әкімі және аудан прокуроры халықпен кездесу үшін, Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебіне, кейін Жүзімдік ауылдық округіндегі №86 «Ш.Уәлиханов» атындағы жалпы орта мектепке ат басын бұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Халықпен кездесу барысында әлеуметтік салалар, ауыл аумағын абаттандыру бойынша сұрақтарын қойып, аудан әкімі және аудан прокуроры тарапынан тиісті жауаптарын алды. 

Аудан басшы жиыннан соң тұрғылықты жердегі әкімішілік басшыларын тапсырма беріп халықтың мәселесін бірінші орынға қою керек екенін атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер