Сарыағашта еңсесін тіктеген кәсіпкерлер саны артуда

Screenshot_6.jpg

Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде жылқы бордақылау қожалықтарының саны артып келеді деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының жетінші қадамында адами капиталды жаңғырту үшін азаматтарды нәтижелі жұмысқа тартуға көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына жағдай жасау қажеттігі туралы айтылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының азаматтарға бизнесті үйрету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстар қолдауға тұрарлық делінген. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай Сарыағаш ауданы бойынша 2018 жылдың 9 айлығында орталықтың жолдамасы арқылы жалпы 24 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» 131,5 млн. теңге және «Сарыағаш НС» арқылы 30 азамат 181,050 млн. теңге жалпы 54 азамат 312,550 млн. теңге шағын несиемен қамтамасыз етіліп, жоспар 123 пайызға орындалды. 

Соның бір дәлелі Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекен тұрғыны С.Кистабаева «Сарыағаш несие НС» МҚҰ-нан 6,0 млн. теңге шағын несие алып жылқы бордақылау мақсатында өз ісін ашып, 2 азаматты жұмыспен қамтыған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер