Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің "Алтын күз" мерекесінен кейін, аудан әкімінің Б.Омарбеков және аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаевтардың қатысуымен Ленгер қаласында жаңадан құрылған нысандардың таныстырылуы өтті деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте Төлеби-Оқжетпес көшелерінің қиылысында орналасқан ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы панноның таныстырылымынан басталды. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мұнда аудан әкімі Рәміздерге деген өз сезімімен бөлісті.
Одан кейін Бірлік көшесімен Төлеби көшесінің қиылысында орналасқан Лэд экран скверіне жалғастырылды. Орталық көшеде орналасқан Лэд экран арқылы қалаға келушілерге Туризімді дамыту бағытында ауданымыздың туристік нысандарының жарнамасы көрсетіліп тұратын болады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек жүргізіп, таныстырды.
Қапал батыр көшесінде екі жолдың қиылысында орналасқан сквердегі сағат стелласыныңда таныстырылымы болды. Артынша, Қапал батыр көшесіндегі «Депутаттар» аллеясының таныстырылымы жүрді. Бұл аллеяда Төлеби атамыздың «Халқыңа адал бол жауыңа қатал бол»-деген сөздері жазылған тақтайша орнатылған. Аллеядағы тәрбиелік мәні зор жазбалар халық қалаулыларының елге еңбек етуге деген құлшынысын одан әрмен арттырады. Халық бұл аллеяны жылы қабылдады. Бұл - халық пен билік арасының жақындауына дәнекер болып жүрген депутаттар еңбегінің зор екендігінің дәлелі болса керек.
Таныстырылымнан соң аудан әкімі, мәслихат хатшысы және ардагерлер өз қолдарымен шырша ағашын отырғызып суарды. «Шаңырақ» аллеясының таныстырылымымен аяқталды. Шаңырақ аллеясында апалардан құрылған топ ән айтып келген қонақтарды қуанышқа бөледі.