Мәжіліс депутаты Сырым Ертаев жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ертаев Сырым Маханбетұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен келіп, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жергілікті тұрғындармен аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. 

image.png

Бірінші кезекте халық қалаулысы Мичурин ауылдық округіне табан тіреп, соңғы технологияларды пайдалану арқылы алма баудан мол өнім жинап жүрген «Мөлдір» ЖШС-де болды. Бүгінде шаруашылықта 130 гектар қарықынды бау бар. Оның ішінде 110 гектар алма бауы. Сондай-ақ, биыл шаруашылық Турция елінен арнайы алынған жоғары сұртты мол өнім беретін «Амереканка» шиесін(чирешня) 20 гектар жерге отырғызған. Күз айларында қосымша аталған жеміс түрінің 30 гектарын отырғызуды жоспарлауда.

Содан соң, Мәжіліс депутаты көршілес орналасқан «Мичурин-Алма Экспорт» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 1970 жылы соғылған зауыт 2002 жылы серіктестік ретінде құрылған. Серітестік жылына 5 мың тонна алма және жүзім жемістері қайта өңдеуден өткізіп шырын және шараптың бірнеше түрін шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде. Шаруашылық пен кәсіпорын Үсембаев Қалмахан есімді кәсіпкерге тиесілі. Кәсіпкер бүгінде тұрақты жұмыспен 100 адамды, ал мерзімді жұмыспен 200 жуық аудан тұрғындарын қамтып отыр. 

image.png

Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Мәжіліс депутаты сол ауылдың ақсақалдарымен жолығып, өтініштеріне құлақ асты. Ауыл ақсақалдары көпшіліктің көкейінде жүрген жайылым мәселесін көтеріп, шешу жолдарын халық қалаулысымен талқылады. Сырым Махамбетұлы мәселені шешу мақсатында айтылған өтініштерді партиялық аппараттың жиынында талқылап, тиісті заңдарға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалатындығын жеткізді.

Келесі кезекте Сырым Махамбетұлы жұмыс сапарын ауданда ең өзекті мәселелердің бірі ағын су нысандарының бүгінгі жай-күйімен танысумен жалғастырды. Ұзындығы 25,4 шақырымды құрайтын «Құли» каналын аралады. Жалпы Түлкібас ауданы аумағында 115 су нысаны Республикалық «ҚазСуШар» мекемесінің теңгерімінде. Аталғын су нысандарының халық үшін маңызды деген 13-не өткен жылдан өтпелі болып күрделі жөндеу жұмыстары іске асуда. 13 су нысаның жалпы ұзындығы 125,32 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталған жағдайда 7015 гектар жер қайта айналымға қосылмақ. Су нысандарының жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 25 пайызға ғана аяқталып, егін шаруашылығымен күн көріп отырған аудан тұрғындарына ыңғайсыздық туғызып отыр. Жұмыс сапасына қатысты кемшіліктер мен аудан тұрғындарынан жобаға өзгерістер енгізу жөнінде (мал өткелдері, мал суаттары, көлік өткелдері мен су өткізгіштерінің көлемін ұлғайту, тб) ұсыныстар Су комитетіне жіберілген. 

image.png

Халық көтеріп отырған бұл мәселенің өзектілігін жеткізген аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен аудан мәслихатының депутаттары, аудан тұрғындары атынан аталған мәселені шешіп беруге ат салысуын сұранды.

Мәжіліс депутаты аудан басшысы мен жергілікті халық қалаулылары көтерген мәселенің маңыздылығын ескеріп, су комитетіне арнайы ұсыныстар дайындайтының атап өтті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#құтмекен

#Түлкібас_Түркістан

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер