Созақта елдімекендер жарықтандырылуда

Screenshot_1.jpg

Тарих қойнауына енген XX ғасырмен бірге, ескілік те кетті. Қоғамға жаңа технологиялар дендеп еніп келеді. Баяғыда Ленин айтқан екен: «Коммунизм деген – бүкіл елді жарықтандыру» деп айтқан екен. Яғни, елдің түкпір-түкпіріндегі ауыл-аймақтарды жарықтандыру – басты назарда. Себебі, түн қараңғысын жарып шығатын жарығы бар ауыл тұрғындарының жүздері жарқын болатыны анық. 

Осыған орай, Таукент кенті мен Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе ауылы, Сызған ауылымен Қызылкөл елді мекенінің негізгі көшесі жарықтандырылды. Бұл жөнінде Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Дана қазақ әрқашанда жолаушы жүрген даңғыл жолды кие тұтып, қадірлеген. Қалың қауым кие тұтқан жол бойын жарық нұрға бөлеген мақсатында мереке қарсаңында бірнеше ауыл округтеріндегі көшелерді жарықтындыру ісі қолға алынды. Нәтижесінде Жартытөбе ауылы, Қызылкөл елді мекені, Сызған, Жуантөбе, Шолаққорған ауылдарының негізгі көшелерін аудандық бюджет есебінен жарықтандырылды. Шолаққорған ауылындағы орталық Сұлтанбек Қожанов және Сабит Мұханов кошесіндегі 17,5 (9,5) шақырым көшенің жарықтандырылуының қосылуына аудан әкімі С. Полатов қатысты. Бұл жарықтар энергия қуатын аз тұтынып, тұрғындарының кеш мезгілінде қолайлы жүріп тұруына жағдай жасайды. Ауыл елді мекендерді жарықтандыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Жуантөбе ауылындағы Ж.Қаламбаев, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би және Б.Достайұлы көшелері 2,5 шақырым. , 7,3 млн. теңге. Сызған ауылдық округіндегі Қозмолдақ елді мекеніндегі көше жарығымен жарықтандырылған Қ.Тоқмұхамедов көшесінің 1,3 шақырымы жарықтандыру жүйесін пайдалануға берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер