Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір

Screenshot_5.jpg

«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір». Қой өсіруден алдарына жан салмай келе жатқан Жетісай ауданында бүгінде 152 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Солардың бірі - Жетісай ауданы Абай ауыл округіндегі «Махарам» шаруа қожалығы алдағы 4 айда 1 мың бас қойды бордақылап шығармақ деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Әрбір байланған қошқар орта есеппен 30-35 келі ет береді. Қазірдің өзінде қорада 300 бас жайдары қошқар жемге қойылған. Қожалықта өндірілген ет негізінен Алматы қаласының нарығына жөнелтіледі. Қазіргі таңда «Махарам» шаруа қожалығының иелегінде жалпы саны 5 мың бас қой бар. Жетісай ауданында жайылым жер қат болғандықтан мұндағы отарлар Шардара ауданына қарасты құмда ұсталады екен. 

Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, жайдары қойлар шөл және шөлейт жер жайылымына көнбіс, күтім талғамайды. «Қойларымыздың жем-шөбін өзіміз әзірлейміз. Биыл 20 гектар жоңышқа мен 30 гектар жерге жүгері ектік. Одан алынған өнім жаман емес. Мәселен, жоңышқаны 5 рет орып аламыз. Жиын-терім жұмыстарына қажетті техникаларымыз да бар», - дейді Махарам Нифталиев. 

Бүгінде Жетісай ауданында 167 мың 972 ұсақ мал бар. Оның 22337-сі Жаңаауыл ауылдық округіндегі шаруаларға тиесілі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер