Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты қару - адалдық

Screenshot_1.jpg

Ауыл – барша өркениеттің тамыры. Ауыл көркейсе, қала да көркейеді. Сондықтан да, ең бірінші кезекте ауылға көңіл бөлу керек. Ауылдарда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу – өте өзекті. Кішкентайынан сыбайлас жемқорлықтың ауыр қылмыс, қоғамға тигізер зардабы көп екенін біліп өскен бала болашақта сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабуға бел шешіп кірісетін болады. Осыған орай, жыл басынан бері Түркістан облысындағы аудан-қала, ауыл-аймақтарда «Адал жол» эстафетасы ұйымдастырылып жатыр.

Бүгін Бәйдібек ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаменті өткізіп жатқан «Адал жол» кітабы» эстафетасын облыс орталығы Түркістан қаласына тапсыру рәсімі өтті. 

Аудандық мәдениет үйінде аталған шараға байланысты салтанатты жиын өтті. Жиында Бәйдібек ауданында 5 қазаннан бастап «Адал жол» марафоны аясында атқарылған түрлі іс-шаралар жөніндедайындалған видеоролик көрсетілімімен басталып, аудан өнерпаздарының сыбайлас жемқорлық туралы қойылымы көрсетілді. Салтанатты жиында аталған департаменттің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев жиналған көпшілікке жыл басынан өтіп келе жатқан шараның маңыздылығы жөнінде айтты.  Бұл шара мектеп оқушыларының бойындағы қылмысқа деген теріс көзқарасты қалыптастырды. Оларға қылмыс жасаған адамды, қызмет барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтарды темір тор күтіп тұрғаны жөнінде нақты ақпараттар берілді. Нәтижесінде, бұл іс-шара мектеп оқушыларының әділетті, ала жіпті аттамайтын адал болып өсуіне зор септігін тигізері анық. 

Аудан әкімі Б.Танагөзов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қ.Сармановқа салтанатты түрде табыстады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер