Төлебиліктер сапалы интернетпен қамтылады

Screenshot_3.jpg

Бүгінгі таңда заман жоғары жылдамдықпен дамып келеді. Бұған дәлел, өткен ғасырлардар университет қабырғасында берілген білім 15-25 жылға дейін өзектілігін жоғалтпаса, бүгінде 5 жыл ішінде бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Осыдан-ақ, заманды өзгерткен жаңа технологияның біздің өмірімізге дендеп енгенін сезуге болады. Бұрын телефонға бірлік салып сөйлессек, бүгінде телефонмен сөйлесу сиреп, орнына түрлі мессенджерлер арқылы хат алмасу, фото-видео, текст жіберу дамыды. Қазір телефонды тек сөйлесу құралы емес, барлық салаға қажетті гаджет есебінде пайдалана бастадық. Әрине, бұл жерде интернеттің алар орны ерекше. Интернеттің арқасында айшылық алыс жерлердегі, мұхиттың ар жағындағы миллиондаған адамдардың арасында коммуникация орнап жатыр. Сондықтан да, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету басты назарда екені айтпаса да түсінікті. 

Осыған орай, бүгін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков ауданымызда орналасқан туристік аймақтарын сапалы интернет желісімен қамту туралы «Kcell»АҚ-нің Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы Б.Шалғынбаевпен, «Қазақтелеком» АҚ және «Beeline»АҚ өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. 

Кездесу нәтижесімен аталған интернет операторларымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік және демалыс аймақтарын 2019 жылы I-тоқсанда толық сапалы интернет желісімен қамтылатын болады. Сондай-ақ, интернет операторларымен алдағы уақытта Ақмешіт шатқалы және Қасқасу елді мекендерін сапалы интернет желісімен толығымен қамту жұмыстары аудан әкімдігімен бірге жүргізу жоспарлануда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер