Облыста 904 "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылды

Screenshot_4.jpg

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының ұжымымен кездесті. 

Іс-шараның мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу болды.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев:   

– Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар Ұлы қасиет. Сондықтан әрбір ата - ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет, - деді. 

Ал, аудан әкімі Н.Тұрашбеков жас буынды сыбайластықтан аулақ болуға, еліне, ата-анаға, досқа адал болуға шақырды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, сатылмаушылық, әділеттілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда үлкендерден үлгі алуға шақырды. 

Жиын барысында мектептегі өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысы таныстырылды, сондай-ақ, «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылданушыларға арнайы галстуктар табысталып, сурет көрмесі мен концерттік іс-шара ұйымдастырылды. 

Бүгінгі күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 904 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 300 мыңнан аса клуб мүшелері бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер