Мақтааралда мыңдаған мұғалімнің жалақысы көтеріліп, мектептерде 3 ауысым жойылады

Screenshot_6.jpg

Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Жиында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жергілікті жерде жүзеге асыру барысы талқыланды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ең алғаш баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова Жолдауда көрсетілген межелер бойынша ауданда атқарылатын жұмыстарды атап көрсетті. 

–Жолдаудың арқасында мыңдаған мақтааралдықтардың жалақысы көтерілетін болды. Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеруді де біз қолға аламыз. Мақтаарал ауданындағы 56 білім беру ұясында 4 мыңға жуық ұстаздар қауымы қызмет етеді. Біз Елбасының бұл тапсырмасын қолдай отырып, ең беделді мамандық саналатын мұғалімдердің тек қана біліммен айналысуына жағдай жасайтын боламыз. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 3 ауысыммен оқитын 1 ғана мектеп бар. Иіржар ауылдық округі, Диқан ауылында орналасқан 600 орындық Қажымұқан атындағы жалпы орта мектептің ғимараты осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осылайша Мақтаарал ауданында 3 ауысыммен оқитын мектептер мүлде болмайды, - деді Алтын Күнтуқызы.

Сонымен қатар, А.Ешанқұлова ауданда тіркелген 200-ден аса спорт нысандарының есігі тұрғындар үшін айқара ашық екендігін, қазіргі таңда тұрғындардың 27%-ы бұқаралық спортпен айналысатындығын жеткізді. 

Жиын барысында жарыс сөзге мектеп директорлары мен әртүрлі ұлт өкілдері шығып, Жолдаудағы тапсырмаларды жергілікті жерде орындау үшін күш біріктіру керектігін сөз етті. Аудан әкімі Б.Асанов конференцияны қорытындылап, Елбасының Жолдауы жаңадан құрылған Мақтаарал ауданыынң бағыт-бағдарын айықындап бергенін сөзге тиек етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер