Департамент басшысы Сайрам ауданында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жиын өткізді

Screenshot_7.jpg

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы екіге бөлінгелі бері, жаңадан құрылған Түркістан облысында жұмыс қызу қарқын алды. Әсіресе, мемлекеттік құрылымдарға жаңашылдық енді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Сайрам ауданында арнайы жиын өтті. 

Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік ұйым, сондай-ақ, білім беру саласының басшылары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері М.Калыбаева, С.Сағындықов және А.Оразалы қатысты. 

Күн тәртібінде Елбасының жуырда жарияланған Жолдау бағыттары, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету, Әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. Жиын барысында Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселелеріне ерекше тоқталып пен онымен белсенді күрес жалғасатынын жеткізді. Осы ретте, өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан Сайрам ауданы 2017 жылдың қорытындысымен және 2018 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен облыста жемқорлық деңгейі жоғары өңір екендігі туралы сын-пікір айтылды. 

Ғ.Тұрсынбаев қатысушыларға бүгінгі кездесуде айтылғандардан қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған мәселе сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету және бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Кездесу соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты түсірілген видео түсірілімдер көрсетілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер