Шардарада ірі деңгейде фестиваль өтті

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысындағы Шардара ауданы – туризм орталығы болуға әбден лайық мекен. Мұнда туристерді қызықтыратында экзотикалық табиғат бар. Сусылдаған құм, көк теңіз іспеттес су қоймасы, жаныңды рахатқа бөлер жағажай. Ең басты бұл мекенге насихат керек. Жарнама, насихат болған кезде ғана көпшілікке жетіп, қызығушылығын оятады. 

Осы орайда, жақында Шардара ауданы «Аққала» демалыс аймағының жағалауында  алғаш рет «SAFARI SHARDARA» атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды. 

Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деңгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, желкенді қайық, академиялық есу, жағажай волейболы мен футболы, қол күресі, гир көтеру, арқан тарту, бөренге өрмелеу, қошқар көтеру сынды жарыстардан сайыпқырандар бақ сынады. Сондай-ақ, қонақтар Шардара ауданының тарихымен, ауыл шаруашылығы өнімдері және ұлттық қолөнер көрмесімен танысты.  

Одан соң шара сахналық көрініспен жалғасып, фестивальдің басталуынан хабар беретін дауылпаздар дабыл қақты. Шардара ауданының өнерпаздары арнайы мерекелік «Safari Shardara» әнін орындады. Кейін Түркістан-Отырар-Шардара бағытында жүріп өткен мотобайкерлер сахна алаңында MOTOKROSS өнерін көрсетіп, жиылған қауымды тамсандырды.  

Фестиваль су айдынындағы қайықтардың шоуымен жалғасты. Онда сайысқа қатысқан 15 балықшы қайықпен жағалауға келіп, еліміздің Туын желбіретті. Балықшылардың соңынан байдарка есушілер өнер көрсетті. Кейін «Қазына», «Шамсинур» би топтары және цирк өнерпаздары хореографиялық композиция орындады.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер