Түркістанда діни экстремизмді болдырмау мәселесін талқылаған отырыс өтті

Screenshot_5.jpg

Халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында көптеген оқиғалар орын алып жатады. Оның ішінде ең қауіптісі – діни экстремизм. Түрлі ұлт, этнос, дін өкілдері шоғырланған облыста тұрақтылықты сақтап тұру үлкен мәселе. Бұған зор еңбек керек. 

Осыған орай, жақында Түркістан қаласындағы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен проблемалық мәселелері қаралды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Комиссия қорытындысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеп, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі аясында қауіпсіздік шараларына қатысты тиісті тексерулер жүргізуді жүктеді.

Сонымен бірге, жиында облыс аумағындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар мен заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар баяндалды. Өңір басшысы құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.

Мәжіліс соңында құзырлы орган басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, алдағы мерзімге арналған арнайы шаралар жоспарын қабылдайтынын мәлімдеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер