Түркістанда қысқы маусымда жылудан мәселе болмайды

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысы әкімдігінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Жүнісов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Полатбеков,  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы М.Дүйсембеков,  баяндама жасады.

Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Б.Полатбеков өңірдегі 2830 бюджеттік мекеме жылу маусымына толық дайын екендігін айтты. 

– Облыстағы 2830 бюджеттік мекемеге қажетті 169 мың тонна көмір отыны және 6 млн. литр сұйық отын толық тасымалданды. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелерге көмірдің қажеттілігі 106 мың тонна, тасымалданғаны 61 мың тонна (60%). Сонымен қатар, облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 544 көпқабатты тұрғын үй жылу беруге дайын. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайда облыстағы елді мекендердің табиғи газбен қамтылғаны 343-ке жетіп, қамту деңгейі  40,8 пайызды құрады. Ағымдағы жылы қосымша 42 елді мекендерге газ инфраструктурасын тартып, қамту пайызын 45,7-ге жеткізу жоспарланып отыр, – деді Бақытжан Әнуарбекұлы.

Басқосуда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аудандарда әлі де газ құбырын тарту жұмыстары кенжелеп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Шардара сынды аудандарда көмір бағасының шарықтап кеткендігін айтып, бағасын тұрақтандыруды тапсырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер