Түркістанда 766,2 шақырым жолға қысқы күтілім жасалмақ

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысы әкімдігінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. 

Жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабаев өңірдегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

– Облыстағы автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына жұмылдырылатын техникалар саны - 134 бірлік, жұмысшылар саны - 279 адам. Техникалар толығымен жұмыс істеуге дайын. Инертті материалдар бойынша  9 674 м3 құм және 636 тонна тұз әзірлеу жоспарланған болса, жоспар 100 пайызға орындалып аудан, қалалардағы қоймаларға тасымалданды», - деді Мақсат Сайлаубайұлы.

Жиында «Қазавтожол» ҰК АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы М.Дүйсембеков бүгінгі күнде «Қазақавтожол» ЖШС ОҚО филиалы 766,2 шақырымға қысқы күтілім бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

– Қысқы күтілім Түркістан облысының ІІД әкімшілік полиция басқармасымен, Төтенше жағдайлар Департаментімен келісіліп жедел хабарландыру схемасы бекітілген. Бүгінгі таңда қысқы дайындықта  жоспар бойынша 800 тонна тұз  – 100 пайыз, жоспарға сәйкес 15154,85 м3 құм – 86 пайыз, 209 тонна көмір – 100 пайыз қоймада дайындалған. Қысқы күтілімге 55 данадан астам жол техникаларын жұмылдыру жоспарланған, – деді Мұхтар Дүйсембеков.

Жиынды қорытқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан-Шымкент, Шымкент-Сарыағаш бағытындағы автомобиль жолында жол көлік оқиғасының жиілеп кеткендігін баяндап, ол жерлерге арнайы белгішелерді орнатуды, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды қажеттігін тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер