Мектеп директорларына ресми діни мәліметтер ұсынылды

Screenshot_3.jpg

Әлі санасы толықтай қалыптасып үлгермеген, пісіп жетілмеген оқушылармен тығыз жұмыс істейтін бірден-бір жауапкер адам – мектеп директоры. Мектеп директоры өзі басқаратын мекемедегі бүкіл оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі жұмыстарды бақылауда ұстайды. Егер ол өз жұмысын нашар жүргізсе, мектеп оқушылары өз бағыттарынан адасып, түрлі мәселелерге ұрынуы мүмкін. Және мектеп директоры жан-жақты болғаны абзал. Олар тек өз саласында ғана емес, қоғамдағы өзекті мәселелерден хабардар болып, кез-келген жағдайда қиындықтан шығудың жолдарын таба білгені жөн. 

Осыған орай, бүгін Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев және мәслихат депутаты Ішкі саясат бөлімі, Білім бөлімінің басшылары мен мамандары, Ақсукент, Қарасу, Ақбұлақ, Жібек жолы ауыл округтерінің мектеп директорлары, ауыл ақсақалдарымен кездесу болып өтті. 

Кездесуде мекеме басшылары «Мектептегі тәрбие және жастардың ғаламторда өзге ағымдардан сақ бол» тақырыптарында баяндама жасап, Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ нің теолог маманы Ж.Битанов «Ғаламтордағы махаббат бомбасы» тақырыбында лекция өтті. Лекция барысында мектеп директорлары өзекті сауалдар жолдап, оған нақты жауаптар алды. Ең маңыздысы, бұл жиында мектеп директорлары түрлі діни ағымдарға байланысты нақты ресми мәліметтер алды. Нәтижесінде, олар оқушылармен жұмыс істеуде, кереғар діни ағымдармен күресте тың әдістер қолданатын болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер