Түркістан облысында мал бордақылау кәсібі дамып келеді

Screenshot_4.jpg

Мемлкеттің экономикасын көтеруде – шағын және орта бизнес өкілдерінің қосар үлесі зор. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев соңғы Жолдауында тиісті сала басшыларына шағын және орта кәсіп өкілдеріне тиіспей, керісінше, оларға қолдау көрсету керектігі, келешекте елдің жүгін көтеретін солар екенін айтқан болатын. 

Шағын және орта кәсіпкерлік Түркістан облысы, Жетісай ауданында дамып келеді. Шаблан Ділдабеков ауыл округінде қара мал бордақылауда ағайынды Тугаловтарға тең келер ешкім жоқ. Қос бауыр бұл кәсіпті осыдан 10 жыл бұрын қолға алыпты. Мал бордақылау кәсібі бір әулетті асырауға жарап тұр. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Әділ» шаруа қожалығы жылына 60 шақты бұқа мен 150-ге жуық ұсақ мал бордалықайды екен. Асықата кентіндегі орталық базарда ет саудалайтын нүктесі де бар. 

– Халықтың сұранысына сай жұмыс істейміз. Сайыпжан інім жылқы мен бұқа бордақыласа, мен ірі қара мал қошқар семіртемін. Жем-шөпті өзіміз әзірлейміз. Биыл 3 гектар жерді жалға алып, жоңышқа ектім. Қалған қажетті жем түрлерін базардан сатып әкелеміз. Жалпы айтқанда елді сапалы етпен қамтамасыз етіп отырмыз, – дейді Пардабай Тугалов. 

Пардабайдың туған інісі Сайыпжан бүгінде қолда бар қос тракторын жер жырту ісіне қамдап жатыр екен. Иелігіндегі 4 гектар жерге мақта егіп, 20 центнерден ақ алтын жинапты. 40 шақты қара малы өнімі жиналған егістігінде жайылып жүр.  

Бүгінде Жетісай ауданында мал бордақылау ісі дамып жатыр. Алдағы уақытта жетісайлық кәсіпкерлер ауданды қойып, облыс нарығына өтуді жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер