Бәйдібек ауданында елдімекенге ауыз су берілді

Screenshot_7.jpg

Биыл мамыр айында Жиенқұм елді мекеніндегі құбырдың ұзындығы - 13,210 шақырымды құрайтын ауыз су құбыры желілерін құрылысы басталған болатын. Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жиенқұм елді мекенінде «Ar Kua Group» ЖШС-гі жүргізген ауыз су құбыры желілері пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков пен аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғандарының қуанышымен бөлісті. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шарада Жиенқұм елді мекені тұрғындарының атынан ауылға сапалы ауыз судың беріліп отырғанына ауыл қариясы Мақұлбек Тілеубердиев ел ризашылығы мен алғысын білдіріп, ауыз су құбырының тетігін іске қосты. Қазіргі таңда Жиенқұм елді мекеніндегі 841 тұрғылықты халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Бәйдібек ауданында өткен жылдан биылғы жылға өтпелі болып табылатын 1 «Ақтас-Қошқарата-Кеңсай» магистралды суаққы және 3 елді мекендегі (Ақтас, Қошқарата, Кеңсай) ауыз су құбырының құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биылғы жылдың мамыр айынан бастап Екпінді, Бірлік елді мекендерде ауыз су құбырларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ осы жылы 3 елді мекендегі (Алғабас, Алмалы, Талап) ауыз су құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғалы отыр. 

Қазіргі таңда аудандағы 52 елді мекендердің 34 елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген (34 елді мекендердің халық саны – 45 796 адамды немесе 83,4 пайызды құрайды).


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер