Бәйдібектіктер жеткен жетістік аз емес

Screenshot_8.jpg

Бүгін Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында жылдағы дәстүрге сай, алтын күз мерекесі аталып өтті. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

Шараға қатысқан аудан басшысы алтын күз жәрмеңкесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.

– Ауданның 2018-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің дамыту бағдарламасына» сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 га болса, нақты 93,5 га (102%) игерілді. 2017 жылы егістік жер көлемі 90,1 мың га құраған, былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы егістік жердің көлемі 103,8 пайызға немесе 3,4 мың га артық игерілді. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 47,5 мың га, майлы дақылдар 35,2 мың га, мақта 0,262 мың га, көкөніс, бақша, картоп 1,2 мың га, жоңышқа 1,2 мың га, көп жылдық екпелер 0,376 мың га болып, кей дақыл түрлерінен өсім байқалады. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңалау бойынша 22 техника алынды.Өздеріңізге белгілі егін шаруашылығымен бірге ауданымызда мал шаруашылығы да даму үстінде. «Мал баққанға бітеді» деген аталардан қалған ұлағатты сөзге ден қойған азаматтарымыз бұл саланың өсіп-өркендеуіне айтулы үлес қосуда.Сондай-ақ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 2736 бас алу болса, орындалуы 5318 бас алынып 3 есеге, «Сыбаға» бағдарламасы жылдық тапсырма 600 бас алу болса, орындалуы 924 бас алынып, 154 пайызды құрап отыр, – деді аудан басшысы Бақытбек Танагөзов. 

Әлі де болса ауданда әлі атқарылар шаруалар шаш-етектен. Аудан әкімі барлық жұмысты жоспарл түрде орындайтынын айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер