Сарыағаш қаласында спорт кешені ашылды

Screenshot_9.jpg

Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Баланың дені сау болуы үшін оған спортпен айналысуға жағдай жасау керек.

Осыған орай. Бүгін  Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында заманауи спорт кешені ашылды. Қажетті құрал- жабдықтармен жасақталған спорт кешенінің ашылуына аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Бердашов, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жалпы жұртшылық қатысты. Жергілікті халық игі бастама - салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын көбейтуге оң серпін беретіндігіне сенім білдірді.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Сарыағаш ауданында тиянақты орындалуда. Сарыағаш қаласында бұрын-соңды спорт кешені болмаған. Енді міне, көптің тілегі қабыл болды. Жаңа нысаннан спорт саңлақтары тәрбиеленіп шығады деген сенім де бар.

Жиналған қалың жұрт та келешекте қазақ спортын әлемге әйгілі ететін тұлғалардың дәл осы жерден түлеп ұшатынына үмітті. Бұл орайда, тұрғындар ел үшін еңбек еткен жомарт азаматтарға алғыстарын жеткізді. Енді спортшылар спорттың жеті түрімен бос уақыттарында шұғылдана алады. Атап айтқанда футбол, бокс, дзюдо, шахмат, күрес, жүзу. Сондай-ақ, ауыр атлетикамен айналысуға да мүмкіндіктері бар. 

Заманауи үлгіде жабдықталған қос қабатты спорт кешені көпшіліктің көңілінен шықты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер