Жастарды жат ағымдардан сақтандыруда

Screenshot_2.jpg

Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Жастарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты мектептерде "Түркістан қаласы тұрғындары арасында кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары" атты кездесулер өтуде. Аталған басқосу Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінде, №20 Р.Исетов атындағы жалпы орта мектебінде, №3 Ә.Темір атындағы жалпы орта мектебінде, №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясында және өзге де білім ордаларында өтті.

Кездесуде дінтанушы, теолог мамандар Өтеген Бердуали мен Нұриддинов Бахауаддин қатысып, тұрғындарға кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілерде діни материалдар таратпау, діни экстремистік ұйымдардан сақтану керектігі жөнінде мағлұматтар беріп, кері ағымдардан сақтауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау-арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер