Жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Screenshot_3.jpg

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Бүгінде елімізде жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Жақында Бәйдібек ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаровтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу бағытында қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру бойынша атқарылған шаралар туралы» есепті баяндамасы тыңдалды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі, ауданның төбе биі, аудандық әйелдер кеңесі төрағалары, төрайымдарымен бірлескен іс-шара түзіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауылдық округтерде кездесулер өткізіп, тақырыптық бейнероликтер көрсеткен. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірге «Сыбайластыққа жол жоқ!» атты акция ұйымдастырған. Барлық ауылдық округтерде осы тақырыпта көрнекіліктер ілінген.

Аудандық «Алғабас» және «Шаян» тәуелсіз апталық газетінде барлығы 38 мақала жарық көрген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер