11 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Screenshot_2.jpg

Биыл 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының 300-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындарымен 323,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 97 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында ағымдағы жылы 16,8 млрд. теңгені құрайтын 9 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жоба қазіргі таңда іске қосылды.

– Түркістан облысында ағымдағы жылы іске қосылған жобалардың қатарында Ордабасы ауданындағы ПЭТ қалдықтарын және шпательді талшықтар өндіретін «Green technology industries» зауыты, Түркістан қаласындағы түйе мен бие сүтін өңдейтін «Golden Camel Group LTD» кәсіпорны, Сүт-тауар фермасы базасында ешкі сүтін қайта өңдейтын «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС-і,  сондай-ақ, Қазығұрт ауданындағы алкогольсіз сусындар өндіретін «Көрік» шаруа қожалығы бар. Бұдан өзге,  Түркістан облысында 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы инвестиция көлемі 426 млрд. теңгені құрайтын  87 жоба енгізіліп, жаңадан 11 мың жұмыс орны ашылатын болады, – деді Ғанибет Қанатұлы.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Аудан, қалалардағы индустриалды аймақтардың жалпы жер аумағы 533 гектарды құрайды. Бүгінгі күні Түркістан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 80 млрд. теңгені құрайтын 61 жоба іске қосылуда. Нәтижесінде 3 000 жұмыс орны ашылмақ.  Аталған 61 жобаның ішінде бүгінгі күні іске қосылған жобалар саны – 22 кәсіпорын.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер