Өңірде шағын кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетіледі

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысында  2018 жылдың 1 қазаны  бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны - 140 992, оның жұмыс істеп тұрғаны -  129 424. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі таңға дейін 43 млрд. теңгеге 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд. теңгенің салығы түскен. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 4,4 млрд. теңгеге 400 жобаға қолдау көрсетілді.

 Атап айтқанда, кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 4,2 млрд.теңге бөлініп, 350 жоба субсидияланған. Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша ішінара 102 млн.теңге бөлініп, 30 жоба кепілдендірілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсынуға 60 млн. теңге қаралып,  20 жобаға мемлекеттік гранттар ұсынылған,  деді Ғанибет Қанатұлы.

Түркістан облысы бойынша  ағымдағы жылдың 9 айы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  163,5 млрд.теңгені құрады. Бұл тұрғыда  Созақ ауданы (26,1 млрд.теңге), Түркістан қаласы (16,6 млрд.теңге) және Шардара ауданы (15 млрд.тг) көш бастап келеді. Инвестиция көзі болып табылатын жеке инвестициялар көлемі 94 млрд. теңгені құраған.

Түркістан облысында инвестицияларды тарту бағытында қолайлы инвестициялық климат құру, сондай-ақ аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер