Медициналық пункттер пайдалануға тиісті мерзімде тапсырылады

Screenshot_3.jpg

Жақында Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков өңірдің ахуалымен танысу үшін ауылдарды аралап, тұрғындармен сөйлесті. 

Аудан әкімі Ақайдар ауылында құрылысы басталған жаңа модульдік медициналық пунктінің жай-күйін көрді. Қазіргі таңда, Ақайдар елді мекеніндегі медициналық пунктің дәрігерлері жеке меншік үйде жалға отырып халыққа ем көрсетуде. Осы орайда, 503 ауыл тұрғындары жыл соңына дейін заманауи жаңа модульдік медициналық пунктте ем қабылдайтын болады. Аудан аумағында 7 модульдік медициналық пункттер соғылуда. Аудан әкімі медпункттер ел игілігіне тиісті мерзімде тапсырылуы керектігін айтты.  

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамытуда Киелітас ауылындағы ескі ферма орнындағы төрт гектар жерге, бірегей типтік мал бордақылау алаңшаларын соғу аса маңызы. Бұл жұмыс бойынша Бауыржан Омарбеков өзінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа, ауылдық округтің әкімі Полат Төребековке, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұхтар Өсербаевқа нақты тапсырмалар жүктеді. Олар елдімекен тұрғындары мен шаруа қожалығы төрағаларының басын кооперавтивке біріктіріп, мал бордақылау алаңшаларын соғулары тиіс. Әкімдік өз кезегінде, мал бордақылау алаңшаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді өз мойнына алатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер