Төлебиде шоколад өңдеу цехі 60 адамды жұмыспен қамтып отыр

Screenshot_4.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров Бірінші Мамыр ауылдық округіне іс-сапармен барды. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірінші кезекте округте орналасқан «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехінің жұмысын көрді.

«Балмұздақ» ЖШС - і шоколад өңдейтін цехін желтоқсан айында іске қосып, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын бастамақ. «Балмұздақ» ЖШС -нің атқарушы директоры Евгений Кан жыл соңына он екі шокалад түрінен үш шоколад түрін дайындай алатынын және алдағы уақытта шоколад өнімін шығаратын жаңа технологиялы қондырғылар сатып алып, инвестиция көлемін 1 млн евроға тарта алатынын атап өтті. 

«Балмұздақ» ЖШС – нің шокалад өңдейтін цехімен 2018 жыл басынан бергі уақытта автоматтандырылған қондырғылар алынып, ауданымызға 603 млн теңгеге инвестиция тартылды. «Балмұздақ» ЖШС - і жылына 1100 тонна шоколад глазурь өнімдерін өндіруге қуаттылығы бар. Қазіргі таңда 60 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

Аралауды жалғастырған аудан басшылығы Тағайна елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жұмысын көрді. Биыл мамыр айында бастау алған жұмыс 1539 тұрғыны бар елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігін берді.

Зағамбар елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету құрылысын көрген аудан басшысы тиісті сала басшыларына 4899 тұрғыны бар 873 тұрғын үйді мерзімінде толық таза ауыз сумен қамтамасыз етуін тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер