Теріс идеологиядан сақтану - азып-тозудан сақтану

Screenshot_2.jpg

Діни тұрақтылықты қалыптастырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарын жетілдіру мақсатында бүгінде елімізде көптеген кездесулер өткізіліп, жастарға кең көлемде мәліметтер берілуде.

Бүгін Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Даму» ҚҚ ұйымдастыруымен Тұран колледжінде керіағар ұйымдардың алдын-алу мақсатында кездесу болып өтті. Оған Түркістан қаласы бойынша колледж студенттері мен колледж қызметкерлері қатысты.

Жиында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Б.Өтеген және Түркістан қаласы ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы И.Нағызхан деструктивті діни ағымдардан аулақ болу, ғаламторды дұрыс пайдалану ережелері, ғаламтор арбаушыларының әдіс-тәсілдері мен белгілері және олармен күресу жолдары туралы баяндады. Бүгінгі күнгі өзекті мәселе терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін және керағар діни ағымдардан абай болу қажеттігін түсіндірді. Діни экстремизм мен терроризмге алып баратын жат ағымдардың жетегінде кетпеу керектігін ескертті. Дін атын жамылған керағар діни топтардың қоғамға, еліміздің тұтастығына төндіретін қаупінің алдын алу мәселелері сөз болды.

Мамандар қойылған сауалдарға жауап бере отырып, діни ағымдарға қатысты басты белгілер туралы да айтып өтті. Сонымен қатар, ұстаздар бала тәрбиесіне байланысты ортақ мәселелерді және деструктивтік діни ағымдардың теріс идеологияларынан сақтану жолдарын бірге қарастырып, мамандар кеңесіне жүгінді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер