Бүгінде мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді. Ондағы баста мақсат - мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының көздейтіні – жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Бүгін Сайрам ауданының орталығында "Адал ұрпақ" еріктілер клубының "Адалдық-парасаттың биік шыңы" тақырыбында слеты болып өтті. Онда еріктілер клубы ауданның барлық мектебінде құрылып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және адал болуға, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге шақыру, насихаттау мақсатында жұмыс жасап жатқандығы айтылды. Сондай-ақ, бұл шараның Елбасының "100 нақты қадам. Ұлт жоспарының" 13-ші қадамын мақсатты түрде жүзеге асыру деп түсінген абзал.
Ауданда өткізілген шараға аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, Нұр Отан партиясының аудандық бөлімшесі, білім бөлімі мен Жастар ортадығы мұрындық болды.