Сарыағашта алып балабақша жұмыс істей бастады

Screenshot_4.jpg

Жақында Сарыағашта үлкен балабақша ашылды. Мұндай балабақша Түркістан облысында осы уақытқа дейін болмаған. 

Жібек жолы ауылдық округінде ел игілігіне берілген бөбекжайдың жобалық құны – 1,1 млрд теңге. Заманауи нысанды жергілікті кәсіпкер Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алып, туған ауылына тарту еткен. Бұл балабақша бүлдіршіндерге жылдың төрт мезгілінде де жайлы жағдай жасап, сапалы білім мен тәрбиені қатар береді.

Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша 16 мемлекеттік, 181 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Бұларда 22 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. Жібек жолы ауылында ашылған баламасы жоқ балабақшаға баратын балалар қандай бақытты дерсіз. Өйткені заман талабына сай салынған ғимараттың ішінде балаға қажеттінің бәрі бар. Бүлдіршіндер үш тілде білім алып, жан-жақты дамиды. Мұнда 3 концерт, 2 спорт залы, би, гимнастика алаңдары бар. 

Сондай-ақ логопед, дефектолог, психолог бөлмелері жұмыс істейді. Ойын алаңдары мен жатын бөлмелері де ерекше. Көз тартар кереметтің бәрі бүлдіршіндердің қуанышы үшін жасалған. Балабақша 450 орынға лайықталған. Қазір мұнда 18 топ жасақталған. 75 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды. Мұнда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ғана емес, еңбек ететін тәрбиешілердің де көңілі көтеріңкі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер