Отырарда 7500 адам жалпыхалықтық диктантқа қатысты

Screenshot_7.jpg

Бүгін Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. араның мақсаты Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге Шасыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен жапыхалықтық шараға Түркістан облысы, Отырар ауданының халқы да үн қосып, бір мезетте 7500-ге жуық халық латын қарпінде диктант жазды. Диктант мәтіні арнайы аудио жазба арқылы танысу, диктант жазу және емле тексеру үшін үш рет тыңдалды. 

Диктант кезінде жергілікті тұрғындар еш қиындық болмағанын, сарапшылар ұсынған латын әліпбиінің қолайлы екенін айтып, шара барысында белсенділік танытты. Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлт, ел бірлігін нығайту мақсатында өткен шараның мемлекетіміздің келешегі үшін маңызы зор. Өйткені, латын әліпбиіне көшу арқылы ел жастарының білім және ғылым жолындағы ізденістеріне даңғыл жол ашылады. Сондай-ақ бұл еліміздің дамыған 30 елдің қатарына ену жолында жасаған игі қадамы десек те болды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер