Отырарлық шаруалар жаңа жобамен жұмыс істемек

Screenshot_6.jpg

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде хабарлады. 

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингке қаржыландырудың бағыттары мен шарттары түсіндірілді. 

Жиында «Ырыс» микроқаржы ұйымы директорының орынбасары Ерлан Ержанов аталған бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы туралы баяндады: 

– Ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн теңгеге дейін кепіл мүліксіз лизингке алуға мүмкіндік туып отыр. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді. Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады, – деді. 

Жиын барысында шаруалар ұйым басшыларына өздерін толғандырған көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 

Жалпы Отырар ауданында 2018 жылдың 8 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 57 млн 100 мың теңгені құраған. Ол 2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 103,3 пайызды құрады. Сондай-ақ ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд 944 млн 800 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,7 пайызға жетті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер