Бәйдібек ауданы шетелден инвесторлар тартты

Screenshot_11.jpg

Бүгінде заман талабына сәйкес, баламалы қуат көздері іздестірілуде. Соның бір – тегін келіп жатқан күн сәулесі. Күн сәулесін тиімді пайдалану арқылы жеткілікті мөлшерде қуат жинауға болады. 

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейіржан Беріков Астана қаласында өткен "Жаңартылатын энергия көздерін дамыту" Қазақстан-Корей ынтымақтастығы атты форумға қатысты. 

Форум аясында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мен KK-Kiunsen атты Корей инвестициялық компаниясының президенті Джон Енг Сун арасында меморандумға қол койлады. Жоба құны – 15 миллион доллар. Сонымен қатар, KK-Kiunsen компаниясы мен ЖШС "РФЦ" арасында жаңартылатын күн сәулесі арқылы өндірілетін электр энергиясын 15 жыл бойы сатып алыну туралы келісім шартқа қол қойылады.

Жобаны іске асыру барысында 200 гектар жер телімі Бәйдібек ауданы әкімшілігінен бөлінді. Қаржыландыру мәселесі Корей елі тарапынан асырылады. 

Форумда Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов:

 Құрылатын станция 10 мегаваттық болады. Болашақта оның көлемін ұлғайу мәселесі бар. Тұтынатын Түркістан облысының аймақтары болып есептеледі, деді.

Бұл Бәйдібек ауданындағы жалғыз қуанышты жаңалық емес. Жақында Бәйдібек ауданы әкімі ирандық инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде Бәйдібек ауданында бірлескен Қазақ-Иран кірпіш шығаратын зауытын ашу жөнінде зерттеу жұмыстары басталғалы отыр. Алдағы уақытта жоба іске асқан жағдайда ауданға Иран мемлекетінен келген инвесторлармен жүргізілген келіссөздер өз жемісін бергелі отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер