Елбасы Жолдауы Арыста әскери қызметкерлерге түсіндірілді

Screenshot_12.jpg

Бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған Арыс қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің және №44859 әскери бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен әскери бөлімнің мәдениет үйінде жиын өтті.

Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мақсаты ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыру.

Жиын барысында Арыс қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Жарымбет және ҚР ҚК ТжҚЖБ ЗАОДББ техникалық бақылау бөлімінің бастығы подполковник А.Бралин қатысып, жолдау аясында баяндамалар жасады. Елбасы Жолдауының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, еліміздің қорғаныс саласының дамуына зор ықпалы бары айтылды. 

Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағлымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті. 

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша әскери бөлімнің қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптар берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер