Адал мемлекеттік қызметкер - ел келешегі

Screenshot_13.jpg

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жаңадан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне кезекті рет дәріс оқыды. 

Бұл дәріс мемлекеттік қызмет саласында қызметтік этика мәселелерін қамтыды. Тыңдаушылар қатарында Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент, осы университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтарының 3 курс студенттері болды.

Іс-шара барысында Ғ.Асанұлы кәсіби мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятыны туралы айтып өтті. 

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына тоқталып өтті. Ең бастсысы, мемлекеттік қызметкер – елдің түбіне жететін, экономиканы күйрететін сыбайлас жемқорлық сынды зардабы ауыр қылмыстардан аулақ болу керектігі нықтап айтылды. Себебі, адал мемлекеттік қызметкер - ел келешегі.

Іс-шарада студенттер тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, мемлекеттік қызмет саласына қатысты жаңа көзқарастың қалыптасуына мүмкіндіктер алды. 

Дәріс соңында арнайы әзірленген бейнероликтер тыңдаушылар назарына ұсынылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер