Жастар өздерін мемлекеттік қызмет саласында сынап көрді

Screenshot_14.jpg

Күні кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Жастар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс шараның өзектілігі - мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына Департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну болды. Мемлекеттік қызметші – жүгі ауыр қызмет. Бұл қызметті екінің бірі абыройлы түрде атқара алмайды. Мемқызметкер – ең бірінші елінің болашағына жауап береді. Олар өз қызметтерімен тек белгілі бір мекеменің ғана емес, бүкіл республиканың тағдырын, оның болашақ бағыт-бағдарын шешуге ат салысады. Сондықтан да, мемқызметкер әділетті болғаны абзал. Мемқызметкер ешқашан сыбайлас жемқорлыққа шырмалмағаны басты назарда. Өзін мемқызметке арнап, адал жұмыс істеген азамат қана ел ықыласына бөленіп, құрметке ие болары анық. Осының бәрі іс-шарада студенттерге түсіндірілді.

Бір күндік тәжірибе өту барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, Департаменттің негізгі өкілеттіктерімен және мемлекеттік қызмет бағыттары бойынша жұмыстармен танысты.

Тәжірибе алмасу барысында болашақ мемлекеттік қызметшілерден қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері практикалық тұрғыда жауаптар берді. 

Тәжірибеден өткен жастар осы іс-шараны ұйымдастырған және мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысу мүмкіндігін берген Департамент басшылығына өз алғыстарын Елбасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатына жету барысында алғашқы кезекте болашақ мемлекеттік қызметшілердің іргетасын қалау мақсатына ұмтылу» керектігі жайында айтқан қанатты сөзімен жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер