Кәсіпкерлер палатасы ашылды

1_515.jpg    

Бизнестің қайнар ортасына айналып келе жатқан Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлер палатасы ашылды. Өңір басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің қатысуымен өткен ашылу салтанатына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов алдымен қонақтарды палата кеңсесімен, онда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып шықты. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау бөлімдері кәсіпкерлерге қызмет ететін болады. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да іске қосылған. Бұрынғыдай кеңесшілермен ұсынатын қызметтердің көпшілігін онлайн режимінде алуға болады. Кәсіп үйренемін деушілерге кәсіпкерлік негіздерін үйрететін бизнес мектеп те жұмыс істейді.  Іс-шара барысында орталықтың жұмысына көз жүгірткен  Қ.Нүкенов  кәсіпкерлер палатасының Түркістанға көшуі өңірдегі кәсіпкерлік саласының сапалы жұмыс істеп, сандық өсуіне едәуір көмек береді. Бұл өз кезегінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізетінін жеткізді.  Ашылу салтанатынан кейін өткен өңірлік кеңес отырысында ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов жаңа кеңсенің заманауи, ыңғайлы жұмыс кеңістігін бағалап, кәсіпкерлер палатасының ұжымына сәттілік пен жемісті еңбек тіледі.

– Біздің негізгі мақсатымыз - кәсіпкерлердің басын қосып, оларды жұмылдыру арқылы облыстың экономикасын көтеру. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған барлық бағдарламаларды көрсетіп, түсіндіру. Бәсекелестікке үйретіп, оларды оқыту. Сонымен бірге, Елбасы айтқандай Түркістан қаласын барлық салалар бойынша көтеріп, ондағы шағын және орта бизнесті көтеру. Ол үшін біздер Астана мен Алматыдағы озық тәжірибелерімізді Түркістанда қолданып, шаһарды халықаралық деңгейдегі қалаға айналдыруға барынша атсалысамыз, – деді төраға.

Қазан айының басында Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта өзгертілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер