Цифрландыру сотқа да келді

whatsapp_image_2018-11-14_at_13.00.26.jpeg    

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық сотының судьясы Бүркіт Байдуллаев сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

– Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен облыс бойынша 14 650 іс қаралса, өткен жылдың тиісті кезеңінде 12 033 іс шешімін тапқан. Сондай-ақ, жыл басынан облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарға барлығы 29 368 талап қою арызы түсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға кеміген. Ал татуластыру рәсімдері қолданылып жалпы саны - 1045 іс аяқталды. Бұл барлық қараумен аяқталған істердің 3,8 пайызын құрайды, –  деді брифингте Бүркіт Жұмабайұлы. 

Баспасөз мәслихатына қатысқан Түркістан облыстық сотының судьясы Аянбек Тоқсанбаевтың айтуынша, сот қызметін оңтайландыру, халыққа ыңғайлы, ашық, қолжетімді етуге бағытталған «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясындағы пилоттық жобаларды өңірде қолданысқа кеңінен енгізу үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Мәселен Түркістан облысы бойынша мамандандырылған соттардың ғимараттарында медиация кабинеті, фронт-офистер ашылған. Сонымен қатар, медиаторлар мен адвокаттарға және азаматтарға іспен танысуға арналған кабинеттер қарастырылған. Бұдан бөлек, тіркеу талоны бойынша «Сот кабинеті» сервисі арқылы істің барлық қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірде «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылған. Жобаның негізгі мақсаты - соттар жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсартып, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын оңтайландыру.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер