Қос бірдей зауыт салынуда

images.jpg    

Шардара ауданында құны 6 миллиард теңгеден асатын екі мақта өңдеу зауыты салынуда. Бұл турады «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы TURKISTAN INVEST инвестициялық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

5 миллиард 475 миллион теңгелік бірінші зауыт қытайлық «ICC» ЖШС-нің инвестициялары есебінен салынады. Нысан жалпы аумағы 13 гектар жерде орналасқан. Жұмыс орындарының саны 250-300 адамға есептелген. Өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды. Өнім Қытай Халық Республикасына экспортталады деп күтілуде. Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде, нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Жобаны іске қосу 2018 жылдың қараша айына жоспарланған.

Екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен «Айқажы» ЖШС-і жүзеге асырмақ, сомасы — 890 миллион теңге. Өндірістік нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерде орналасқан. Жобаның қуаты — жылына 50 мың тонна, 50 жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, бірінші кезеңнің іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Бұл компанияның өнімдері де Қытайға экспортталмақ.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер