Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты күрес жалғаса беретінін айтып өткен болатын. Бұл бағытта мемлекеттік органдардағы үдерістерге, соның ішінде олардың тұрғындармен және бизнес өкілдерімен өзара ықпалдастығына цифрландыру технологияларын енгізу маңызды болып саналады. Яғни, цифрландыру – мемлекеттік қызметтің барлық саласындағы сыбайлас жемқорлықты азайтады.
Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық білім басқармасы тарапынан педагогтарды жұмысқа қабылдау процесін автоматтандыру үшін пилоттық жоба ретінде Jumys.sitcen.kz онлайн режимде порталы жұмысын бастаған болатын.
Бүгінде бұл жүйе Кентау қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсе, 29.08.-10.11.2018ж. аралығында жалпы 130 вакансия жарияланып, бұл ваканттық орындарға 278 үміткер өтініш берді. Нәтижесінде тесттен 119 үміткер өтіп, 170 үміткер межелік баллдан өте алмады. Конкурстық комиссиясына 119 үміткер қатысып, 108 үміткер жұмысқа қабылданды.
Ал, 05.11 – 30.11.2018 жылы аралығында 90 ваканттық орын жарияланып, 68 үміткер қатысуға өтініш берген.