Зайырлылық негіздері түсіндірілді

Screenshot_6.jpg

Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі мен беделі көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен қатар діни терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да қаптап кеткені белгілі. Бүгінде жастардың жас ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін көптеген игі шаралар қолға алынып, көптеген жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық ақпараттық-түсіндіру Түркістан қаласында болды. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде өткен жиынға қатысқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, мектепке дейінгі және орта білім департаменті тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының бас сарапшысы Қалкен Жахин, ҚМДБ «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Мұхан Исахан, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Құқық және халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Ермек Бекбосынов және облыстық білім басқармасының бас маманы Қайрат Арап зайырлылық негіздері жайында орамды ойларымен бөлісті.

Шаһардағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдерімен өткен кездесуде мектеп оқушыларының тәрбиесі мен киім үлгісіне қатысты сауалдар жолданды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер