Мектеп формасын киюге міндетті

Screenshot_7.jpg

Жыл басында 500-ден аса оқушы басына орамал тағып келетін. Ал, қазіргі таңда, осындай іс-шаралардың нәтижесінде облысымыздағы 902 мектептен хиджаб киіп отырған қызды кезіктіре алмайсыз. Ал, қалған 19 оқушыға білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары айыппұл салуда. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 409-бабына сәйкес, егер оқушы бұйрыққа сәйкес міндетті мектеп формасын кимесе, он күн бойы сабаққа қатыспаса - жауапкершілікке тартылады екен. Бұл жайында Түркістан қаласында өткен жиында облыстық білім басқармасының бас маманы Қайрат Арап айтып өтті.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық ақпараттық-түсіндіру Түркістан қаласында өткізген кездесуіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, мектепке дейінгі және орта білім департаменті тәрбие жұмысы және қосымша білім басқармасының бас сарапшысы Қалкен Жахин, ҚМДБ «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Мұхан Исахан, М.Әуезов атындағы ОҚМУ Құқық және халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары Ермек Бекбосынов және облыстық білім басқармасының бас маманы Қайрат Арап қатысып, оқушыларының тәрбиесі мен киім үлгісіне қатысты мәселелер бойынша кең көлемде түсініктеме берді.

Бүгінгі таңда білім ордасында хиджаб кию мәселесі кеңінен қаралуда. Дегенмен, жиын барысында бұл істің де үлкен нәтижеге қол жеткізілгендігі айтылды. Қорыта айтқанда Түсіндіру тобының мақсаты - мектептегі қарама-қайшылықтарға баса назар аударып, қоғамдық сананы жаңғыртуға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер