Өзбек елімен тауар айналымы артқан

1_516.jpg     

 Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасында соңғы 1 жарым жылдың ішінде тауар айналымы 30 пайызға артып, 2 миллард долларға жеткен. 2020 жылға дейінгі меже 5 миллард доллар. Осы мақсатта Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық мәселесін көздеген алғашқы форум өтті. Іс-шара барысында  Түркістан өңірі өзбек елінің Жизақ, Ташкент облысы және Ташкент қаласымен меморандум түзді. Басқосуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Жизақ облысының әкімі Эргаш Салиевпен екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.

       Шара өңіраралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысымен жалғасты.  Онда өңіраралық және трансшекаралық инвестициялар көлемін ұлғайту, өзара саудадағы кедергілерді жою, құқықтық базаны жетілдіру, турзим жайындағы тақырыптар көтерілді. «Қазақ пен өзбек ықылым заманнан-ақ, ынтымағы ұйысқан елдер. Соңғы кезде екі тараптың экономикалық байланысында тың серпін байқалады. Сондықтан, осы жылды екі елдің қа­рым-қатынасындағы тарихи жыл деп айтуға толық негіз бар. Мем­лекеттеріміз арасында эконо­ми­ка­ның барлық саласы бойынша ай­тар­лықтай ілгерілеушілік байқалуда. Бауырлас екі ел арасындағы дос­тық ниетті білдіретін бұл жиында 13 құжатқа қол қойылады»,- деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин. Өз кезегінде Жизақ облысының әкімі айтылған ұсыныстарға ризашылығын білдіріп, бірге жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді. Тараптар әсіресе, Ұлы Жібек жолын жандандыруды мақсат етіп отыр. Қазақстан мен Өзбекстан алдағы уақытта визаларды өзара тану режимі туралы келісімге келу жайын қарастыруда. Осы жоба іске асар болса, онда біздің елге келетін туристер Өзбекстан аумағына да еркін өте алады. Осы бағытта  алда жаңа трансшекаралық тур жүзеге асырылмақ.. «Ағымдағы жылдың осы кезеңінде екіжақты сауда-экономикалық  айналымының көлемі – 396 млн. АҚШ долларына жетті. Түркістан облысы Өзбекстанға негізінен ауылшаруашылығы өнімдері экспорттап келеді. Осы сәтті пайдаланып, мен осында отырған көрші ағайынға Түркі жұртының рухани ордасы саналатын Түркістан облысын бірлесіп дамытуға шақырамын. Облыста қазір 2 млн-нан астам халық бар. Біздің өңірде шағын және орта кәсіпкерлік айтарлықтай дамыған. Индустриялық инновациялық даму бағдарламасының аясында жергілікті кәсіпкерлер 64 өзбекстандық компаниялармен әріптестік байланыс орнатқан»,- деді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.

       Екі ел арасында 13  маңызды құжаттарға қол қойылып, меморандум түзілді.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер