Руxани жаңғыру: дінтану ғылымының бәсекеге қабілеттілігі

Screenshot_4.jpg

Еліміздегі дінтану ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық дінтану саласының бүгінгі жай-күйін талдау және жаңа форматтарды айқындау және облыс көлемінде ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінің мұғалімдеріне танымдық ақпарат беру, біліктілігін арттыру мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру: дінтану ғылымының бәсекеге қабілеттілігі" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарды Түркістан облысы дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Раушан Жүнісова ашып, жүргізіп отырды.

Семинар барысында Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры Асылбек Ноғаев, ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы Сержан Оразбай және "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің дінтанушы маманы Баxауиддин Нуриддинов баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Түркістан облысы дін істері басқармасы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің дін саласына жауапты мамандары, ҚМДБ Түркістан облысының өкілдері (имамдар), Түркістан қаласының "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәнінің мұғалімдері, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы семинар жоғары деңгейде өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер