«Арыңды таза ұста» үздік әлеуметтік бейнеролик» байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды

Screenshot_1.jpg

Біршама уақыт алдын «Нұр Отан» партиясы мен Мемлекттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Арыңды таза ұста» үздік әлеуметтік бейнеролик» Республикалық байқауын жариялаған болатын.

«Арыңды таза ұста» үздік әлеуметтік бейнеролик» республикалық байқауының Түркістан облысы бойынша аймақтық кезеңі қорытындыланды.

Байқау ережесіне сәйкес, "Нұр Отан" партиясы Түркістан облыстық филиалы тарапынан құрылған конкурстық комиссия отырысында үміткерлер тарапынан ұсынылған бейнероликтердің сапасы мен мазмұны бағаланды.

Байқауға 18 жастан асқан жеке тұлғалар, сонымен қатар, заңды тұлғалар – жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар т.б. қатысты. Байқау мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтарды тарту мәселелерінің тиімділігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Байқау жұмысының тақырыбы жемқорлыққа қарсы әрекеттерді нақты көрсетуге, оған қарсы тазалық жұмыстарын жүргізуге, жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілері, жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибелерді қолдану әдісі, сонымен қатар, байқауға қатысушы автордың белсенді азаматтық көзқарасы жайлы ақпараттар беруі тиіс.

Комиссия отырысының қорытындысымен республикалық кезеңге 3 үміткердің жұмысын ұсыну жөнінде шешім қабылданды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер