Басты мақсат - діни тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау

Screenshot_9.jpg

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қаласы прокуратурасының жанында құрылған діни сұрақтары мен ұлтаралық келісім саласында проблемаларды зерттеу мәселелері бойынша өзара іс-әрекеттесуді қамтамасыз ету жөніндегі Орталықтың кезекті отырысы өтті.

Отырысқа қала әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков төрағалық жасады. Онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев, қала прокуратурасының прокуроры Б.Жұмабаева, жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Қ.Құлбайымбетов, жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Қамбар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Дінтану және теология кафедрасының оқытушысы, доцент Сержан Оразбай, орталықтың сарапшылар кеңесінің және тақырыптық топтың мүшелері, қалалық ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі мамандары мен психологтары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты. Отырыста қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Қанат Құлбайымбетов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Марат Қалеке дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, отырыста мешіттердің құжаттарын реттеу, деструктивті діни ағым жақтастарын оңалут мәселелері сөз болып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Отырысты қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы қорытындылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер